"Сарыарқа" хоккейшілері ұлттық құрамаға шақырту алды

788

"Сарыарқа" шабуылшылары Виталий Божко мен Тимофей Симонов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына шақырту алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сарыарқа" хоккейшілері ұлттық құрамаға шақырту алды Фото: vesti.kz

Шабуылшы Виталий Божко Қазақстан кезекті чемпионатында Сарыарқаның намысын қорғап, 14 кездесу өткізіп, бір гол соқты. Плей-офф кезеңіндегі матчтарда 17 жастағы шабуылшы нәтижелі ұпай жинай алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шабуылшы Тимофей Симонов Қазақстан тұрақты чемпионатында "Сарыарқа" сапында 42 кездесу өткізіп, 5 (1+4) ұпай жинады. Сегіз плей-офф ойынында 17 жастағы хоккейші бір нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 25 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Финляндияда шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда 2003 жылдан бері алғаш рет өнер көрсетпекші. Бір жыл бұрын біздің жасөспірімдер бірінші дивизиондағы турнирде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болды. Алдағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қатысушылары екі топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы "В" тобында ойнайды, матчтар Вантаа қаласында өтеді. Біздің құрамаға қарсы Швейцария, Чехия, Швеция және Канада командалары ойнайды. Топтық раундтың қорытындысы бойынша әрбір топтан 4 командадан плей-оффқа шығып, соңғы бесінші орынды иеленген командалар өзара топ-дивизиондағы орнын сақтау үшін бір матч ойнайды.

Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі:

2024 жылдың 26 сәуірі, 18:00 – Швейцария – Қазақстан

2024 жылдың 27 сәуірі, 18:00 – Қазақстан – Швеция

2024 жылдың 29 сәуірі, 18:00 – Чехия – Казахстан

2024 жылдың 30 сәуірі, 22:00 – Қазақстан – Канада

Дивизиондағы орынды сақтайтын матчтар, сондай-ақ ширек финалдар – 2 мамырда, жартылай финалдар – 4 мамырда, финал мен үшінші орынды анықтайтын матч 5 мамырда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу