Еліміздің ең жас автопилоты жол апатынан қаза тапты

1494

Қаралы ақпаратты СТК Sokol автодром өкілдері таратты.  

Еліміздің ең жас автопилоты жол апатынан қаза тапты Фото: СТК Sokol

Қазақстандағы ең жас автопилот саналған Анатолий Кин 16 жасында жол апатынан қаза тапты. Жасөспірім әкесімен бірге Алматыдан Павлодарға үйіне қайтып келе жатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Павлодар қаласының тұрғыны еді

"Павлодарға барар жолда болған жол апаты бәріміз үшін үлкен трагедияға айналды. Онда біздің чемпионаттың ең талантты әрі ең жас пилоты қаза тапты", - деп жазылған аталған ақпаратта.

Александр Кин өткен аптада Алматыда болған street-drift жарысына қатысқан екен. Бұл туралы жасөспірімнің өзі әлеуметтік желіде фотосурет жариялаған.

Марқұм өз жастығына қарамастан жазғы және қысқы автожарыстарда бірнеше рет ел чемпионы атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу