Қырғызстан шекарадағы жағдайға байланысты ДСҰ-ға шағым түсірді

1956

Қырғызстан шекарадағы жағдайға байланысты ДСҰ-ға шағым түсірді

Қырғызстан үкіметі  қазақ-қырғыз шекарасында болып жатқан жағдайға байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымына шағымданды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, шағым түсіруге Қазақстандық тараптың "ДСҰ-ның тариф пен Сауда қызметтер саудалау туралы бас Келісімі нормаларын бұзуы" себеп болған.
"ДСҰ Қазақстанның 10 қазаннан бастап аяқ асты қырғыз-қазақ және орыс-қазақ шекарасында қосымша тексеру шараларын енгізгенінен хабардар болды. Ең ірі "Ақ-Жол" және "Ак-Тілек" өткізу бекеттерінде Қырғызстаннан транспорттық көлік пен адамдарды  өткізудің күнделікті орташа саны 2,4 есе қысқарған. Қырғызстан ДСҰ-ның Қазақстанмен тең мүшесі бола отырып, ДСҰ аясында өзінің құқықтарын толық талап етеді",- дейді Қырғыз үкіметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу