Жүздеген неонатолог дәрігер біліктілікті арттырудың тегін онлайн-платформасынан өтті

2021 жылдың ақпанынан бастап тегін бейне-курстары бар платформада Қазақстанның түкпір-түкпірінен 667 дәрігер тіркелді. Оның ішінде курстардан толық өткені туралы 117 дәрігер сертификат алды, деп жазады inbusiness.kz. 

Жүздеген неонатолог дәрігер біліктілікті арттырудың тегін онлайн-платформасынан өтті

Жүздеген отандық неонатолог дәрігер «AYALA онлайн-академиясында» біліктілікті арттыруға арналған алғашқы тегін онлайн-платформадан өтті. 

Жобаны AYALA қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл платформа перинаталдық орталықтардан, перзентханалар мен облыстық ауруханалардан қазақстандық дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне неонатология, реаниматология және педиатрия салаларындағы жетекші тәжірибелі мамандардан курстарға тегін және оңай қол жеткізу үшін жұмыс істейді. Екі жыл ішінде қазақ және орыс тілдерінде «Өкпені жасанды желдету және нәрестелерге қарқынды күтім жасау», «Неонатологияда электроэнцефалография мониторларын қолдану», «Сурфактантты аз инвазивті енгізу», «Нәрестелердің жіті асфиксиясы және ауыр гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия», «Госпиталдық инфекция.  Жаңа тәсілдер», «Қарқынды терапия бөлімшесіндегі күтімнің негізгі қағидаттары», «Нәресте күтімін дамыту және қарқынды терапия бөлімшесіндегі инфекциялық бақылау» атты 7 курс өткізілді.

«Жобаның мақсаты – еліміздің барлық неонатологтары үшін озық тәжірибе мен ыңғайлы онлайн-технологияларды қолдану арқылы жаңа туған балаларды реанимациялаудың инновациялық әдістерін қолжетімді ету. AYALA елімізде неонатологияға маманданған жалғыз қор ретінде көп жылдан бері «Шеврон» компаниясымен бірге перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың дәрігерлеріне өздерінің кәсіби білімі мен дағдыларын тегін жетілдіруге көмектеседі. AYALA онлайн-академиясының нәтижелері дәрігерлердің осындай оқыту форматын ұнататынын көрсетеді. Бұл оқыту формат ыңғайлы, себебі дәрігерлердің жұмысының кестесіне бейімделген. Курстарға смартфондар мен планшеттер арқылы қол жеткізуге болады. Курстардан өткені туралы сертификат алуға мүмкіндік бар», - деді AYALA ҚҚ президенті және негізін қалаушы Айдан Сүлейменова.

«Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды қолдау – «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі. Қазақстанда жұмыс істеген отыз жыл ішінде біздің бағдарламаларымыз жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және сауықтыруға көмектесті. Біз медицина мекемелеріне алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтар сатып алып қана қоймай, білім береміз, жергілікті мамандарды медицинадағы соңғы жетістіктерге үйретеміз. AYALA қорымен бірлесіп, жыл сайын оқыту семинарларын өткіземіз,. Десек те, тренингтерге қатысушылардың барлығына қолайлы уақытты таңдау өте қиын. Осы тұрғыдан алғанда, «AYALA онлайн-академиясы» – қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы және жұмыстан қол үзбей білім алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба.  Бұл, әсіресе, жұмыс кестесі өте тығыз дәрігерлер үшін маңызды», - деді «Шеврон» компаниясының өкілі, қоғаммен байланыс үйлестірушісі Жанар Қошпанова.

Биыл «AYALA онлайн-академиясы» платформасында офтальмологтар, УДЗ мамандары мен реаниматолог-неонатологтар үшін тағы 4 тегін курс пайда болады.

«AYALA онлайн-академиясы» порталындағы барлық курстар блоктарға бөлінген. Бұл материалды игеруге көмектеседі. Тіркеуден кейін дәріс ақпаратына қол жеткізу 2 ай бойы ашық болады. Сондықтан курстан жұмыс орнында оны кішігірім үзінділермен тыңдап өтуге, қажет болған жағдайда жазбаға оралуға болады. Әр дәріске таныстырылым материалдары ұсынылады. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар сертификат алады, сондай-ақ олардың лектордан чатта нақтылайтын сұрақ қоя отырып, кері байланыс алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, әрбір блоктан кейін және курстың соңында міндетті тест тапсырмасы түрінде меңгерілген материалды бақылау көзделген.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу